USD
USD
USD

Ақмола облысында мектеп қазандығының жарылуы: Зардап шеккендердің бірі көз жұмды

Ақмола облысының Аршалы кентінде мектеп қазандығының жарылуы салдарынан зардап шеккен үш адамның бірі қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында мектеп қазандығының жарылуы: Зардап шеккендердің бірі көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Ақмола, NEGE. Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 55 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салды. Алайда, түрлі деңгейдегі дене күйігі мен жарақаттардан науқас реанимация шаралары кезінде көз жұмған.

«Сағат 23.00-дегі диагнозы: «Қосарланған политравма. Басы, денесі және оң жақ қолының, аяғының 2-3А дәрежелі термиялық күйігі. Тыныс алу жолдарының күйігі. Сол жақ аяқ табанның 3-4-5 сүйектерінің ашық сынығы. Сол жақ жіліншіктің асық жілігінің проксималды метаэпифизінің орнынан ауытқусыз жабық сынығы. Сол аяқтың қысылу синдромы. Бас-сүйек миының жабық жарақаты. Мидың соққы алуы. Төбе сүйегінің сол жақ бөлігінің жарақаты. 3-дәрежелі травмалық шок. Жағдайы аса ауыр».

Сағат 23.25-те жүрек соғысы тоқтады. 30 минут бойғы реанимация шаралары нәтиже бермеді. 23.55-те биологиялық өлім тіркелді», - деді ведомстводан ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

Дәрігерлердің айтуынша, қазандықтың жарылуы салдарынан зардап шеккен тағы екі адамның жағдайы бақылауда.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Ақмола облысының Аршалы кентінде мектептің жылу қазандығы жарылып, үш адам зардап шеккен болатын.

Қазіргі кезде, облыс әкімінің бірінші орынбасары Мәлғаждар Тәткеевтің төрағалығымен жедел штаб құрылып, шұғыл жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков