USD
USD
USD

Ақмола облысында мас күйіндегі екі такси жүргізушісі анықталды

Ақмола облысында мас күйіндегі екі такси жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында мас күйіндегі екі такси жүргізушісі анықталды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында көкшетаулық полицейлер мас күйіндегі такси жүргізушісін ұстады. Көкшетау қаласының ПБ ППБ “Әскер-6” автопатруль экипажы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Автомобиль арнайы тұраққа қойылды. Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 28 жастағы жүргізушіні 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды және Көкшетау қаласының ПБ ҚТ-ға 15 тәулікке қамады.

Осыған ұқсас тағы бір фактіні Атбасар ауданының полиция қызметкерлері анықтады. Жеке тасымалдауды жүзеге асырған Lada маркалы автомобильдің 42 жастағы жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Атбасар қаласының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (Кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетейік, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, техникалық ақаулы немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, сондай-ақ өз қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында Ақмола облысының аумағында 4-13 қазан аралығында “Автобус” жедел алдын алу шарасы өтуде.

Айта кету керек, өткізілген іс-шараның 6 күнінде ақмолалық полицейлер 529 жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішінде көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланудың 106 фактісін анықтады. 75 жүргізуші міндетті техникалық байқаудан өтпеген, 44 жүргізушіде сақтандыру полисі болмаған. 19 азамат көлікті заңсыз қайта жабдықтаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы