USD
USD
USD

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен студент қызға іздеу жарияланды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен студент қызға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен студент қызға іздеу жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2 қарашада сағат 21:06 шамасында Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, жиені Диана Ерланқызы Ыбраеваны (05.04.2005 жылғы) іздеп табуға көмек сұраған.

Әйелдің сөзінше, жиені жергілікті колледждердің бірінде оқиды. Сол күні сағат 14:00 шамасында құрбыларымен серуендеуге кетіп, қайтып оралмаған.

Жоғалған адамның бойы 170-175 см шамасында, дене бітімі орташа, шашы қара түсті. Үстіне ақшылыт түсті куртка, сұр көйлек, қоншысы биік етік киген.

- Барлық полиция бөлімшелеріне қыздың белгілерімен бағдарлау жолданды. Қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыздың орналасқан жері Астана қаласында болуы мүмкін. Іздестіру шараларына еріктілерде қосылды, - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет болса, дереу 8 (716-2) 25-78-05, 8-707-119-87-19 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар