USD
USD
USD

Ақмола облысында ер адам танысын жарақаттап кеткен

Ақмола облысында ер адам танысының үйіне заңсыз басып кіріп, оған дене жарақатын салған. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында ер адам танысын жарақаттап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 24 қыркүйек күні Бұланды ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан түнгі сағат 03.00 шамасында бұрынғы танысы оның үйіне заңсыз басып кіріп, дене жарақатын салғаны туралы өтініші келіп түсті. Күдікті ұсталды. Анықталғандай, жәбірленуші үйіне басып кірген ер адамға бұрын несие алып берген, бірақ ол қолма-қол ақшаны алғаннан кейін ай сайынғы төлемдер бойынша міндеттемелерді орындамағаны белгілі болды.

Содан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген. Осыдан кейін ер адам танысының үйіне басып кіріп, дене жарақатын салған.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 149-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс