USD
USD
USD

Ақмола облысында электр станциясын салуға бөлінген 1,3 млрд теңгені жымқырғандар ұсталды

Қызылсуат ауылында жаңа құрылыс аумағына арналған электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Целиноград ауданының ТКШ бөлімінің басшысына және «РемСтройСервис ПВ» мен «MS-Energy» ЖШС басшыларына қатысты айыптау үкімі шықты, деп хабарлады ҚМА.

Ақмола облысында электр станциясын салуға бөлінген 1,3 млрд теңгені жымқырғандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратурамен бірлесіп тергеді. Қылмыстық істің барлық қатысушыларына нақты жаза, бас бостандығынан айыру тағайындалды.

Сотталған кәсіпкерлер мен ЖШС қызметкері коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайды, ал ТКШ басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқара алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚМА тұрғындарға сатылатын коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту үшін көрсетілген салалардағы мемлекеттік сатып алуларда жымқыру және өзге де құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында талдау жүргізеді.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті