USD
USD
USD

Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, үш адам тірідей жанып кетті

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, үш адам тірідей жанып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты қыркүйектің 24-інде «Степногор - Заводской» жолында болған.

«Анықталғанындай, Заводской бағытында жүріп бара жатқан «Lada Kalina» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Nissan Teana» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан «Lada Kalina» көлігі өртеніп, жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Ал, «Nissan Teana» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Степногор қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», - деді ведомстводан.

Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити