USD
USD
USD

Ақмола облысында екі қызды зорлаған жігіт сотталды

Ақмола облысында екі қызды зорлаған жігіт 9,5 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында екі қызды зорлаған жігіт сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін 4 қаңтарда Астрахан ауданының жеке үйлерінің бірінде бір-бірімен таныс жігіттер мен қыздар жиналды. Алкоголь өнімін ішкеннен кейін жігіттердің бірі екі қызға қатысты жыныстық қылмыс жасаған.

Оның дәлелі – сот-медициналық сараптаманың нәтижелері, зорлау фактісін растайтын дәлелдер. Жәбірленушілердің дене жарақаттары болды. Келесі күні қыздар зорлаған жігіттің үстінен полицияға арыз жазды.

Астрахан полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады. ПБ тергеушісі Ж.Такенова атқарған жұмыстың нәтижесінде қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер жиналып, кейіннен олар сотқа жолданды.

2022 жылғы 14 қазанда Атбасар аудандық соты қылмыстық іс бойынша күдікті Астрахан ауданының 27 жастағы тұрғынын кінәлі деп танып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков