USD
USD
USD

Ақмола облысында бір үйде алты адам иіс тиіп уланып қалды

Ақмола облысында бір үйде алты адам иіс тиіп ауруханаға түсті, оның бесеуі бала, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақмола облысында бір үйде алты адам иіс тиіп уланып қалды
Фото: NEGE.kz

Ақмола, NEGE. «Наурыздың 29 күні түнгі сағат 22:35 шамасында Нұр-Сұлтан қаласындағы Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығынан Ақмола облысының ТЖД Дағдарыстық жағдайларды басқару орталығына Целиноград ауданының Қызылжар ауылында алты адам иістен уланғаны (оның ішінде бес бала) туралы телефон арқылы хабарланды. Олардың барлығы сағат 23:00 иістен улану белгісімен Нұр-Сұлтан қалалық көпбейінді ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде зардап шеккендердің жағдайы тұрақты»,-деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, қатты желден жеке тұрғын үйдегі пештің мұржасы құлаған. Соның салдарынан иіс шығып, үйдегі адамдар уланып қалған.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері