USD
USD
USD

Ақмола облысында бір отбасындағы 4 адам өрттен көз жұмды

Ақмола облысында өрт салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында бір отбасындағы 4 адам өрттен көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін 5 мамырда Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр ауылында болған.

«Ақмола облысында өрттен жас отбасы қаза тапты. Түнгі сағат 03:54-те Краснояр ауылында бірінші қабаттағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға Көкшетау қаласының №1 мамандындырылған өрт сөндіру бөлімшесі мен Садовое ауылындағы №29 өрт сөндіру бекетінің күш-құралдары жұмылдырылды», - деді ведомстводан.

Анықталғандай, өрт сөндірушілер келгенге дейін пәтердің терезесінен 58 жастағы әйел мен оның жеті жасар немересі өз бетінше эвакуацияланды. Өртті сөндіру барысында екі ересек адам – 31 жастағы ер адамның, 29 жастағы әйел мен төрт жасар екі баланың денесі табылды.

«Өрт ауданы 50 шаршы метр болатын пәтерде болған. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Сағат 04:50-де өрт сөндірілді», - деп толықтырды ведомстводан.

Қазір оқиға орнында сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқармақ

Ақша