USD
USD
USD

Ақмола облысында балабақша және мектеп бухгалтерлері 83 млн теңге ұрлаған

Ақмола облысының білім беру бухгалтерлері аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Ақмола облысында балабақша және мектеп бухгалтерлері 83 млн теңге ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шоттарына ақша аударған.

Аударымдардың шынайылығын көрсету үшін бухгалтер тауарларды жеткізуге келісім-шарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен.

Банктік шоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, бухгалтер жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 млн. теңге аударылды.

Екінші жағдайда Степногорск қаласының мектептерінің бірінде анықталды, тергеудің нұсқасы бойынша бухгалтер өз шотына 36 млн. теңге жалақы ретінде аударған.

Осы фактілер бойынша қылмыстық істер ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша тіркеліп, Ақмола облыстық прокуратурасының арнайы прокурорларымен және Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен тергелуде.

Осы бап бойынша жаза белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.