Ақмола облысында ауылға киік кіріп кетті
Ақмола облысының Қорғалжын ауылына киік кіріп кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат
.
Қорғалжын, NEGE. Бейнежазбадағы куәгерлердің айтуынша, оқиға жақында Қорғалжын ауылында болған. Жазбадан киік текесінің ауыл көшесінде жүргенін көруге болады. Ол тіпті, адамдар мен көліктен де қорықпайды. Тұрғындар ауыл ішінде «күтпеген қонақты» видеоға түсіріп, таратып жатыр. Ауыл тұрғындары бұл жалғыз киік емес, бірнешеуі келді деп отыр. Тұрғындардың айтуынша, ен далада адамның көзіне түсе бермейтін киіктер боранда қалың қарда жүре алмай, ашыққаннан ауылға келген. Сол себепті тұрғындар жабайы аңдарға жемшөп беруде. Еске сала кетейік, Ақмола облысында киіктердің қырылуы қаупі төнген болатын. Ақмола облыс бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсан айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында 25 мың киік саналды. Қыс айларында ауа райының күрт бұзылуы өңірде қыстап қалған киіктерге қауіп төндірген болатын.
Қазір оқып жатыр
Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады
Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды
ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады
Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті