USD
USD
USD

Ақмола облысында әскери бөлімнен сарбаздар қашып кеткен

 Ақмола облысында әскери бөлімді тастап кеткен сарбаз іздестірілуде.

Ақмола облысында әскери бөлімнен сарбаздар қашып кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қарашаның 12-де кешкі сағат 21:00 шамасында Ақкөл аудандық полиция бөліміне 55209 әскери бөлімінің қызметкері хабарласқан. Ол мерзімді қызметін өтуге келген 21 жастағы сарбаздың бөлімде жоқтығын айтқан. Әскери бөлім қызметкерінің айтуынша, жоғалған сарбаз Д.Ф.Артықбаев 2021 жылдың 4 қарашасында Түркістан облысынан мерзімді қызметін өтеуге келген.

Қарашаның 12-де кешкі сағат 19:30 тексеру кезінде ол бөлімді өз еркімен тастап кеткен. «Жоғалған сарбазды іздеуге әскери бөлімнің жеке құрамынан іздеу тобы құрылды. Сонымен бірге, Ақмола облыстық ПД аудандық Полиция бөлімшелері, Ақкөл аудандық ПБ жеке құрамы, сондай-ақ, желілік полиция патрулі мен қоғам өкілдері жұмылдырылды», - деп атап өтті ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі кезде жоғалған сарбаздың қайда екені белгісіз, іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе