USD
USD
USD

Ақмола облысында алаяқтық жасаған адам Германияда ұсталды

Ақмола облысында алаяқтық жасаған адам Германияда ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ақмола облысында алаяқтық жасаған адам Германияда ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысында 2014 жылы жасалған қылмыс ашылды. Щучинск қаласының 54 жастағы тұрғыны жергілікті кәсіпкердің 42 млн. теңгеден астам ақшасын алдау жолымен иемденіп, оған жоғары технологиялық жабдық қоюға уәде беріп, жеткізуге арналған шарттың жасанды құжаттарын көрсеткен. 

Бурабай АПБ тергеу бөлімімен аталған факті ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 

Жедел-тергеу іс-шаралар барысында алынған ақшалай қаражатқа ер адам несиелік қарыздарын жауып, Қазақстан аумағынан шығып кеткені анықталды. 

Алаяқтыққа күдіктінің тұрған жерін анықтау үшін Ақмола облысының Полиция департаменті халықаралық іздеу жариялады. 

2021 жылдың қарашасында жалған құжаттар бойынша тұрған қаскүнемді Германия полициясының қызметкерлері ұстады. 

Кейін Майндағы Франкфуртте оны ГФР құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлерінің қатысуымен экстрадициялау өтті.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі