USD
USD
USD

Ақмола облысында адвокат 10 млн теңге жымқырған

Ақмола облысы адвокаттар алқасының адвокаты мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде жұмсалған уақыт туралы көрінеу жалған мәліметтерді енгізіп, тергеушінің атынан 10 млн теңгеге жуық сомаға 15 жалған қаулы дайындаған.

Ақмола облысында адвокат 10 млн теңге жымқырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Министрлік жүргізген тексеру кезінде Ақмола облысының адвокаты 9,6 млн теңгеден астам ақша қаражатын заңсыз алғаны анықталды.

Сот үкімімен адвокат ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 1) тармағы, 385-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ ҚР ҚК 50-бабының 3-бөлігі негізінде адвокат бес жыл мерзімге адвокаттық қызметпен және заң қызметтерін көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді және Әділет министрлігі адвокатқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензияның қолданысын тоқтатты. Сотқа дейінгі тергеу барысында адвокатпен жымқырылған ақша қаражаты бюджетке қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

жол-көлік апаты

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

.

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Бақытжан Байжанов

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

скрининг