USD
USD
USD

Ақмола облысында 3 көлік соқтығысты

Ақмола облысының Аршалы ауданында жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында 3 көлік соқтығысты
Фото: NEGE.kz

Ақмола, NEGE.  6 желтоқсан күні сағат 17:05-те Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Екатеринбург-Алматы автожолының 1318 шақырымында Шөптікөл бекетінің маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Toyota Highander маркалы автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны рульді басқара алмай, Нұр-Сұлтан қаласының 44 жастағы тұрғыны жүргізген алдында тұрған Kia Rio маркалы автокөлігімен және Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғыны жүргізген Toyota RAV-4 маркалы автокөлігімен соқтығысқаны анықталды.

ЖКО нәтижесінде Аршалы ауданының орталық аудандық ауруханасына үш автокөліктің жүргізушілері мен 7 жолаушысы жеткізілді, оның ішінде 16 жастағы жасөспірім және нәресте бар. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев