USD
USD
USD

Ақмола облысында 27 жасар қыз жоғалып кетті

11-ақпан күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне Зеренді ауданы Симферополь ауылының 57 жастағы тұрғыны келіп, қызы Ахмет Шолпан Жұмабекқызын (26.06.1993 ж.т.) іздестіру туралы өтініш жасаған. Ол қызының 7-ақпаннан бастап жоғалғанын мәлімдеген.

Ақмола облысында 27 жасар қыз жоғалып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда қыздың орналасқан жері туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ұялы телефоны әлі де сөндірулі. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Бойы-156 см-ге жуық, тығыз денелі, қара түсті, каре шашты, оң жақ ернінің үстіңгі жағында қалы бар. Соңғы рет тобыққа түсетін жасыл түсті күртешеде, қара түсті бас киімде, көк түсті джинсыде, аяғында қоңыр бәтеңкесі болған.

Аталған факті бойынша Көкшетау қалалық ішкі істер бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шығып, оқиға орнына тексеру жүргізді. Анасы 7-ақпан күні Көкшетау қаласына халыққа қызмет көрсету орталығына келіп кеткенін айтты. Анасы қоңырау шалғанда,телефоны сөндірулі болған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен азаматшаның орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Осыған байланысты, полиция қызметкерлері Шолпан Ахметтің тұрған жері туралы қандай да бір ақпаратты білетін адамдардың барлығынан арнайы «102» желісіне хабарлауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам