USD
USD
USD

Ақмола облысында 10 спорт кешені салынады

Биыл Ақмола облысында он спорт кешені салынады

Ақмола облысында 10 спорт кешені салынады
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астана, NEGE.Аталған нысандардың дені аудан орталықтарында бой көтереді. Ал 5 спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлық жұмыстар республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Қазір Щучинск қаласында Ірі спорт сарайы салынып жатыр. 400 орынға арналған жобаның құны 3 млрд теңгеден асады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бекзат Бақберді, мердігер мекеме басшысының орынбасары:

- Евростандарттық деңгейде соғылып жатқан спорт кешені. Осы қаладағы үлкен дәрежелі спорт сарайы болады деп күтілуде. Бүкіл сессиялар болады. Бокс залы, дзюдо, волейбол, баскетбол, бассейн залдары да қарастырылмақ. Инвалидтерге арналған да арнайы залдар болады.

Азамат Байқуанышев, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы:

- Соның ішінде жетеуі дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Ол спорт нысандары Есіл, Қосшы және Степногорск қалаларында, сондай-ақ, Красный яр және Родина, Қорғалжын ауылдарында салынып жатыр. Ал екі спорт кешені Бестөбе кентінде бой көтеруде.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.