USD
USD
USD

Ақмола облысы: Еркіншілік ауылының ішіне сілеусін кіріп кеткен

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылының ішінде сілеусіннің жүрген видеосы «WhatsApp» мессенджері арқылы тарады, деп хабарлайды ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысы: Еркіншілік ауылының ішіне сілеусін кіріп кеткен
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Қар жамылғысының ұлғаюы нәтижесінде жабайы жануарлар азық іздеп елді мекендерге жақын жерлерге келуге мәжбүр.

Мәселен, 2022 жылғы 17 ақпанда «Шошанова А.К» мен «Астана қаласы мен Ақмола облысының аңшылар мен балықшылар қоғамы ЖК», ҚБ қорықшылық қызметімен бірлесіп Еркіншілік ауылының аумағы тексерілді. Болжам бойынша, жоғарыда аталған сілеусін орман алқабынан шыққан, өйткені оның азығы саналатын жануарлар (елік, қоян) елді мекендердің жанында жиналады.

Тексеріс нәтижесінде сілеусін Еркеншілік ауылынан орман алқабы бағытына шыққандығы анықталды. Жағдай бақылауға алынды.

Айта кетейік, ауыл тұрғындарынан үй жануарларына шабуыл жасалды деген шағымдар түскен жоқ.


 

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама