USD
USD
USD

Ақмола және Павлодар облыстарындағы шағын вокзалдар жандана түспек

Еліміздегі шағын вокзалдардың өткізу қабілеті сағатына 20-дан 200 адамға дейін жетеді, деп хабарлады gov.kz.

С
Фото: gov.kz.

Алматы, NEGE. Биыл еліміздің түкпір-түкпіріндегі теміржол вокзалдарында модернизация жұмыстары басталды. Бұл жұмыс аясында мамандар тек ең үлкен деп танылған теміржол вокзалдарын ғана емес, сонымен қатар шағын вокзалдарды да жаңғыртуда.

Бүгін көлік министрі Марат Қарабаев Ақмола және Павлодар облыстарына жұмыс сапарымен келді. Ведомство басшысы қос облыстағы бірқатар көлік инфрақұрылымы нысандарының, соның ішінде теміржол вокзалдарының жұмысымен танысты. Ақмола облысында 16 жолаушылар теміржол вокзалы, Павлодар облысында 5 вокзал жаңғыртылады.

Министр Ақмола облысындағы Ерейментау теміржол вокзалы мен Павлодар облысындағы Шідерті, Ақсу, Қалқаман және Қарасора вокзалдарына барып, басталып жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Мемлекет басшысының туристік жерлерге қолжетімділікті арттыру тапсырмасы аясында 125 вокзал қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды. Шағын вокзалдар назардан тыс қалған жоқ. Олар жолаушыларға да, вокзал жұмысшыларына да жайлы бола түспек. Мұнда мердігерлер жартылый демонтаж жұмыстарын жүргізіп, нысандардың сырты мен ішін қалпына келтіріп, әрлеу жұмыстарын жүргізеді. Инженерлік желілер (су құбыры және кәріз, электр жабдықтары, жылу, желдету, байланыс желілері) толығымен жаңартылады. Теміржол вокзалы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту үшін демалыс бөлмелері қарастырылды, - деді Марат Қарабаев.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті