USD
USD
USD

Ақмола облысының тұрғындарына екі жыл бойы жарамсыз жанармай талондарын сатқан ақтөбелік ұсталды

Ақмола облысының тұрғындарына екі жыл бойы 30 млн теңгеге жуық жарамсыз жанармай талондарын сатқан ақтөбелік ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Екі жыл бойы қаскөй Ақмола облысының тұрғындарына 30 млн теңгеге жуық жалған жанармай талондарын сатқан. Салдарынан зардап шеккендердің 13-і Көкшетау қаласының полиция басқармасына жарамсыз талондарды сатқан белгісіз ер адамның айла-амалдарына тап болғаны туралы өтінішпен жүгінді.

Белгілі болғандай, 41 жастағы ер адам өзін кәсіпорындардың бірінің қызметкері ретінде таныстыра отырып, автокөлік жүргізушілеріне дизель отынын құюға арналған талондарды литріне 170, 200 және 230 теңге бағамен ұсынған.

Біраз уақыттан кейін зардап шеккендер жанармай құю бекетіне барып, көліктерін толтыра алмаған кезде алаяқтың құрбаны болғанын түсінді. Полицейлер жалған жанармай талондарын сату бойынша алаяқтықтың 18 эпизодын анықтады, олардың 13-і сотқа шешім қабылдауға жіберілді. Қалған бес іс бойынша полицейлер әлі де тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ақтөбе облысының 41 жастағы тумасы 2020 жылы Көкшетау қаласына табыс табу үшін келген. Алайда ол бірден көп ақша таппайтынын түсініп, құқыққа қайшы әрекетке бел буды.

Бүгінгі күні күдікті ұсталып, УҰИ-ға орналастырылды. Алаяқтық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев