USD
USD
USD

Ақмола облысында жолаушы өзіне ескерту жасаған такси жүргізушісін соққыға жыққан

Ақмола облысында клиенттің такси жүргізушісін ұрып-соғуына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады sinegor.kz.

Қ
Фото: Егемен Қазақстан

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көкшетау полиция басқармасына 47 жастағы ер адам өзіне шабуыл жасағаны туралы арызданды.

Жәбірленушінің сөзінше, 28 қаңтарда InDriver қосымшасы арқылы тапсырыс қабылдап, клиентті алып кеткен. Жолаушы рұқсатсыз көлік салонында темекі тұтатқан. Жүргізуші оған ескерту жасағанда, екеуі сөзге келіп қалған. Соңында такси жүргізушісі сапарды аяқтамақ болады. Көлікті тоқтатып, клиенттің шығуын өтініп, есікті ашқан. Алайда жолаушы жүргізушіге шабуыл жасап, оның денесіне зақым келтірген.

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі "Ұрып-соғу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес