2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Ақмола облысында жоғалып кеткен жігіттің денесі жазық даладан табылды

Ақмола облысы Біржан сал ауданының із-түзсіз жоғалып кеткен 24 жастағы тұрғынына қатысты екі аптадан астам уақыт іздеу жұмыстары жүргізілді.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ер адамның мәйіті жазық даладан табылды.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 жастағы мүгедек жігіттің жоғалып кеткені туралы хабар полицияға 19 қараша күні түскен. Кейін ол 14 қарашада жоғалып кеткені мәлім болды. Осы аралықта жігіттің туыстары оны өз күшімен табуға тырысқан.

Ата-анасының айтуынша, бұған дейін баласы көрші ауылдағы туыстарына жаяулатып жиі барып жүрген. Бірақ бұл жолы туыстарына жете алмады.

«Дереу іздестіру шаралары ұйымдастырылып, полиция қызметкерлері, еріктілер мен жанашыр азаматтардан арнайы топтар құрылды. Іздестіру топтары орманды әрі далалы алқаптарды, жақын маңдағы елді мекендерді аралап шықты. Аумақты кеңірек қамту үшін дрондар мен қызметтік көліктер пайдаланылды», - делінген полиция департаменті мәліметінде.

30 қарашада полицейлер жоғалған адамның денесін жазық даладан тапты. Алдын ала себеп ретінде аталған ер адам үсіп өлуі мүмкін екені айтылып отыр. Нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер