USD
USD
USD

Ақмола облысында жоғалып кеткен мектеп оқушысы шахтада алтын іздеп жүрген

Ақмола облысында полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды. Ол Бестөбе ауылындағы шахтаға түсіп, алтын іздеген.

Шахта
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 17 жасар жасөспірімнің хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы 16 қыркүйекте Степногорск қаласының полиция басқармасына арыз келіп түсті. 11-сынып оқушысы сабаққа келмеген, сондықтан мұғалімдер дабыл қаққан. Ол 13 қыркүйектен бастап мектепке бармағаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері дереу қажетті жедел және іздестіру шараларын бастады. Жоғалған жасөспірімнің таныстары зерделенді, ата-аналары, жақын туыстары мен достарынан сұрақ-жауап алынды. Полиция жас жігіттің Бестөбе ауылы маңында екенін, оның шахтаға түскенін анықтады.

«17 қыркүйекте кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері анықталып, ол туыстарына аман-есен табысталды. Жас жігіт алтын іздеу үшін шахтаға түскенін айтты. Полиция қызметкерлері жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың өзі қорғалатын объектіге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген полиция хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы