Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақмола облысында жалған ветеринарлық анықтама бергендер ұсталды

Аудан прокуратурасы Атбасар қаласындағы мал сою пунктінің ветеринариялық зертханасының қызметінде, мал өнімдері мен шикізатына ветеринарлы-санитариялық сараптама жүргізу кезінде талаптардың сақталуы мәселесі бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлады Бас прокуратура. 

Сиыр
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Анықталғандай, жергілікті кәсіпкер ветеринария саласындағы қызметтің мемлекеттік лицензиясына ие болып тұрып, зертханалық зерттеулер жүргізбестен ішкі сауда объектілерінде және басқа жерлерде сатылатын ет шикізатының сәйкестігі туралы ветеринариялық анықтамалар берген.

"Небәрі 3 жыл ішінде кәсіпкермен осындай 850 анықтама берілген, яғни сауда нүктелерінің сөрелеріне ондаған тонна зерттелмеген ауыл шаруашылығы жануарларының еті түсті. Соның салдарынан шектелмеген адамдар қатарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнді.

Аталған факт бойынша уәкілетті органдарға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді, қарау нәтижелері бойынша кінәлі тұлға, 6 ай мерзіміне лицензияның қолданылуын тоқтатумен, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, аталған кәсіпкердің алдағы жарты жылда мұндай анықтамаларды беруге құқығы жоқ", - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG