USD
USD
USD

Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған шетелдік ұсталды

Ақмола облысында тұратын 57 жастағы шетелдік 4 келіден астам марихуана мен каннабис тұқымдас өсімдіктерді сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 2024 жылдың тамыз айының соңында «Қарасора – 2024» ЖПІШ өткізу шеңберінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Целиноград ауданының 57 жастағы тұрғыны ұсталды.

Оның үйін тінту барысында канабис тұқымдас өсімдігі бар 6 қорап табылып, тәркіленді, гараж бен қорада соған ұқсас өсімдігі бар тағы үш қап табылды. Сонымен қатар гараж бен қорада қабырға бойымен осы өсімдіктің бұталары ілулі болды.

Алынған заттардың жалпы салмағы 4,5 келіден асты, оның ішінде 2 келіден астам кептірілген марихуана және 1 келі 708 гр кептірілген қарасора бар.

Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған. Ер адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Қазір оқып жатыр

Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик