USD
USD
USD

Ақмола облысында үйден шығып кеткен 12 жастағы қыз бала трассадан табылды

Ақмола облысында 12 жастағы қыз бала трассадан табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 1 шілдеде Шортанды ауданында тұратын 12 жастағы қыз баланы Астана – Петропавл республикалық трассасында Көкшетау қаласына қарай өз көлігімен келе жатқан Дидар Қызыров байқап қалады. Жалғыз келе жатқан қыз жүргізушінің назарын аударды және Дидар жағдайды білу үшін тоқтады. Әңгіме барысында қыз Шортанды ауданы Мықтыкөл ауылында тұратынын және ата-анасын хабардар етпей, өз еркімен үйден кеткенін айтты. Жүргізуші асығыс болғандықтан және Шортанды ауданына қайтар жол көп уақытты қажет ететіндіктен, қызды Ақкөл қаласындағы ең жақын полиция бөліміне әкелу туралы шешім қабылдады.

Бөлімге келгеннен кейін кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспектор Мұрат Бекішев жасөспірімнен барлығын мұқият сұрап, мұндай әрекетінің себебін білді. Қыздың ата-анасы қызының үйден кеткенін білмегендері белгілі болды. Өйткені бұл кезде олар Көкшетау қаласына бет алған болатын. Үйде қалуға мәжбүр болғанына ренжіген жасөспірім облыс орталығына жаяу баруға шешім қабылдайды.

Полицейлермен әңгіме барысында қыз ата-анасының телефон нөмірін атай алмағандықтан Мұрат Мықтыкөл ауылының учаскелік инспекторымен байланысқа шығып, әкесімен хабарласа алды. Қобалжыған әкесі Көкшетауда екенін, ал қызын жақын туысына тапсыруын өтінді.

Оқиға сәтті аяқталғанына қарамастан, қыздың ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей