USD
USD
USD

Ақмола облысында түйеге соғылған көліктің жолаушысы қайтыс болды

24 шілдеде Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 23 шақырымында Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі автотрассада тұрған түйені қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Ақмола облысының полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін республикалық маңызы бар трассаларда қырағы болуға шақырады және трассада жануарлардың кенеттен пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, белгілерге назар аударуды сұрайды.

– Құрметті жүргізушілер! Жолдағы жағдай күрт өзгерген кезде шешім қабылдауға уақыт қалдыру үшін жылдамдық режимін, әсіресе елді мекендердің жанында қатаң сақтаңыз, – дейді Ақмола облысының полицейлері.

Сонымен қатар полицейлер елді мекендер мен автомобиль жолдарының көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер үшін ерекше қауіп төндіретін мал иелерінің бақылаусыз мал жаюы үшін жауапкершілік бар екендігі туралы ескертеді.

Мысалы 24 шілдеде Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 23 шақырымында Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі автотрассада тұрған түйені қағып кетті.

Өкінішке орай жол-көлік оқиғасы салдарынан такси жолаушысы, Сандықтау ауданының 49 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапты.

Целиноград ауданының полиция бөлімі бұл фактіні Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жануарлардың иесі анықталғаннан кейін ол жауапқа тартылады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер