USD
USD
USD

Ақмола облысында төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Қосшы қаласында төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады. 

бала терезеден құлады
Фото: primeminister.kz

Алматы, NEGE. Дәрігерлер баланың жағдайына қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға бүгін, 20 шілдеде таңертең көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болды.

Түрлі жарақаттары бар ұл бала Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайына қатысты түсініктеме берді:

"2020 жылы туған бала. Қойылған диагноз: жабық бас миының жарақаты, кеуде қуысының жарақаты, қарын тұсына келтірілген қатты жарақат. Дәрігерлер оның жағдайын "орташа ауырлық дәрежесінде" деп бағалайды".

ТЖМ осындай жағдайлар қайталанбас үшін ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ:

  • москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі