Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақмола облысында сумен жабдықтау желілерін салуға елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен 21,5 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу жалғасуда. Ақмола облысында сумен жабдықтау жүйесін салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 21,5 млрд теңге бөлінді.

Үкімет үйі
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Бүгінде өңірде сумен жабдықтау саласында 28 жоба жүзеге асырылуда. Зеренді ауданында жаңа су құбыры желілерін салуға және қолданыстағы су құбыры желілерін жаңғыртуға 6 млрд 564 млн теңге қарастырылған. Жұмыстар Ақадыр, Жылымды, Қанай би, Көктерек, Садовое, Троицк, Васильковское, Өркен, Өзен және Баратай ауылдарында жүргізілуде.

Олардың ішіндегі ең ірісі – 1 мыңнан астам адам тұратын Өркен кентіндегі ұзындығы 6 шақырым сумен жабдықтау жүйесі. Жобаның құны – 583 млн теңге.

Одан бөлек, облыстың 9 ауданында 2 млрд 287 млн теңгеден астам сомаға сумен жабдықтаудың жаңа көздерін салу және қолданыстағы жүйелерді реконструкциялау жүзеге асырылуда. Нысандарды пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарлануда.

Сандықтау ауданында топтық су құбыры салынуда. Жоба бойынша 22,3 шақырым сумен жабдықтау желілерін салу көзделген. Оны жүзеге асыруға арнаулы мемлекеттік қордан 200 млн теңге бөлінді.

Сондай-ақ Нұра топтық су құбырын реконструкциялау және Покровское ауылынан Талапкер және Қажымұқан ауылдарына су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Екі жобаның жалпы құны – 9,5 млрд теңге.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметі 99%-ды, ал ауылдық елді мекендерде 96,6%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда елімізде қайтарылған активтерге денсаулық сақтау, спорт, сондай-ақ инженерлік желілер мен су құрылыстарын жаңарту салаларындағы жобалар жүзеге асырылуда.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат