USD
USD
USD

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

Ақмола облысы Зеренді ауданының әкіміне сот ісін қарауды созбалаңға салғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде, яғни 43 250 теңге көлемінде ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Облыстық соттың хабарлауынша, тұрғындардың бірі аудан әкімі мен әкімдік аппаратын төтенше жағдай салдарынан тұруға жарамсыз болып қалған үйінің орнына жаңа тұрғын үй сатып алуды міндеттеуді сұрап сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот 21 сәуірде оның талабын қанағаттандырып, әкімге комиссияның шешіміне сәйкес тұрғын үй сатып алуды міндеттеген.

Алайда әкім апелляциялық шағым беру мерзімін өткізіп алып, сотқа мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш білдірген. Сот шағымдағы кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюды талап еткенмен, ұсынылған құжаттар тиісті талаптарға сай болмаған.

«Жол берілген бұзушылықтың сипатын, яғни апелляциялық шағымдағы кемшіліктерді жою жөніндегі процестік міндеттерді белгіленген мерзімде орындамағанын ескере отырып, сот алқасы аудан әкіміне ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолданды», – делінген сот хабарламасында.

Себебі процестік міндеттердің орындалмауы істің қаралуын созбалаңға салуға әкеп соққан. Нәтижесінде аудан әкіміне ақшалай өндіріп алу жазасы тағайындалды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті