USD
USD
USD

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Ақмола облысының Бұланды ауданында ауылішілік жолдарды жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Прокуратура аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысына және мердігер ұйымның басшыларына қатысты  сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

сыйақы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, 2023 жылы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен мердігер ұйым арасында Никольское ауылындағы ұзындығы 5,4 шақырым болатын жолды орташа жөндеуге 167,8 млн теңгеге келісімшарт жасалған.

Шарттың мерзімі 2024 жылғы желтоқсанда аяқталған. Осы уақыт аралығында бюджеттен 103 млн теңге игерілген.

Алайда тексеру барысында 78 млн теңгеге бағаланған жұмыстардың іс жүзінде орындалмағаны анықталды. Бұл қаражат, прокуратураның мәлімдеуінше, жол жөндеуден басқа мақсаттарға жұмсалған.

Осы дерек бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қылмыстық іс Ақмола облысының арнайы прокурорларының өндірісіне берілді.

Қазір оқып жатыр

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына қатысты пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова