USD
USD
USD

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Апатты жағдай бүгін, 23 наурызда Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі шахтада болған.

ТЖ
Фото: Depositphotos

Астана, NEGE. Шахта опырылуы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген.

«Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады облыстық полиция қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Бестөбе ауылындағы алтын өндіретін «Новая» шахтасы аумағынан ер адамның мәйіті табылғанын жазған едік. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам аумаққа заңсыз кірген. Полицейлердің анықтауынша, қаза тапқан азамат Степногорск қаласының 1991 жылғы тұрғыны болып шықты.

 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі