USD
USD
USD

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотында баласын абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

баланың аяғы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Сот таратқан ақпаратқа қарағанда, қайғылы жағдай болған күні әйел қонақтан ішімдік ішіп келіп, үйінде мас күйінде болған. Ал түнде баласын емізіп отырып ұйықтап кеткен. Оянған кезде сәбидің қимылсыз жатқанын байқаған. Шақырту бойынша жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланың тұншығып қайтыс болғанын растады.

Прокурор әйелге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Жаза тағайындау кезінде әйелдің шын жүректен өкінгені жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде, ал қылмысты алкогольдік масаң күйде жасағаны жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылды.

«Сот үкімімен Л.-ға 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді», – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж