USD
USD
USD

Ақмола облысында өте ірі сомадағы ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін ұрлағандар ұсталды

Ақмола облысында 40 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ақмола облысында полицейлер жалпы сомасы 39 миллион 627 мың теңгеге бағаланатын ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлау дерегін әшкереледі. Қылмыс биылғы жылдың сәуір айында Егіндікөл ауданында тіркелген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері комбайндарға тиесілі бөлшектерді ұрлады деген күдікпен үш азаматты ұстады.

Тергеу барысында бөлшектердің 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағынан жүйелі түрде ұрланғаны анықталды.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов