USD
USD
USD

Ақмола облысында орман қорының 100 гектардан астам жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұзақ және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының талаптарын бұзу фактілерін анықтады.

Орман
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін мемлекеттік орман иеленушілерге прокурорлық қадағалау актілері жолданды. 

Тексеру нәтижесінде орманды мақсатсыз пайдаланған тұлғалармен жасалған шарттар бұзылып, жалпы ауданы 100 гектардан асатын, кадастрлық құны 1,3 миллиард теңге болатын 4 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Осылайша, табиғат қорғау прокуратурасының қабылдаған шаралары нәтижесінде орман қорын тиімді пайдалану және оны сақтау қамтамасыз етілді.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі