USD
USD
USD

Ақмола облысында мәслихат төрағасына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды

ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері аудандық мәслихат төрағасына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 15 шілдеде бетперде және капюшон киген екі ер адам Астраханка ауылында ерлі-зайыптылардың үйіне кіріп, аңшы мылтығымен қорқытып, қарақшылық шабуыл жасаған. Шығын төрт миллион теңгеден астам. Олар жәбірленушілерді байлап, үйлерінің жертөлесіне қамап кеткен.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті үш адам ұсталды. Олардың екеуі Жамбыл облысының, бірі Түркістан облысының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет осындай қылмыстар үшін сотты болған. Тінту барысында жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар тәркіленді. Қазіргі уақытта үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ішкі істер министрлігі азаматтарға төнген кез келген қауіпке жедел ден қоя отырып, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде», – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты