USD
USD
USD

Ақмола облысында көкпардан жаттығу ойыны кезінде жасөспірім көз жұмды

Целиноград ауданы әкімдігінің мәліметінше, қайғылы жағдай 26 мамырда Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі аумағында болған. 14 жастағы жасөспірім аттан құлап, қаза тапты.

Көкпар
Фото: inbusiness.kz

Астана, NEGE. Ойынға ересек азаматтар қатысқан. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнына туыстарымен бірге барған және ойынға қатыспай қалған ойыншылардың бірін алмастырмақ болған, деп жазады Kazinform.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

«Тергеу барысында жаттығуды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», – делінген полиция хабарламасында.

Әкімдік өкілдері жасөспірім қаза болған ойын ресми спорттық немесе бұқаралық іс-шара емес екенін, жергілікті тұрғындардың жеке бастамасымен жаттығу ретінде өткізілгенін алға тартады.

«Аудан әкімдігіне аталған ойынның өткізілетіні туралы хабар берілмеген, сондай-ақ жергілікті атқарушы органға келісім алу жөнінде ешқандай өтініш немесе сұраныс түспеген», – дейді әкімдіктегілер.

Ведомство мәліметінше, іс-шара «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның меншігіндегі жер учаскесінде өткізілген. Жер телімін жеке тұлға жалға алған. 

Сондай-ақ бұл елді мекенде аудандық немесе облыстық мекемелердің балансындағы мемлекеттік көкпар секциялары жоқ екені хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ