10 Желтоқсан 09:55
...

Ақмола облысында Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Полиция
Фото: Полиция

Ақмола облысында жабайы құстарды заңсыз аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 5 желтоқсанда Бұланды ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» мекемесінің мамандары бірлескен рейд барысында табиғат қорғау заңнамасын өрескел бұзған оқиғаның алдын алды.

Байсуат ауылының маңында 54 жастағы Астана қаласының тұрғыны жабайы құстарды заңсыз аулап жатқан жерінен ұсталды. Ер адам арнайы тыйым салынған торларды пайдаланып, Қазақстанның Қызыл кітапқа енгізілген сирек құстарының бірі – қара басты пайызторғай тұқымдас құстарды аулаған. Полиция қызметкерлері браконьерден 76 құсты тәркілеп, оның далаға орнатқан торлы шыбықтарын анықтады. Құстардың басым бөлігі торларда қысылып, өкінішке қарай өліп қалған.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің Бұланды ауданы аумағында шамамен 80-ге жуық жабайы құсты ұстап, интернет-ресурстар арқылы сату үшін әрекет еткені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тәркіленген құстарға сот-биологиялық зерттеу тағайындалды.

Тергеу нәтижесінде күдіктіге қатысты заңды шешім қабылданады. Қазақстан аумағында жабайы құстарды аулауға қатаң тыйым салынғанын еске саламыз. Әсіресе сирек кездесетін құстарды қорғау – мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басты міндеттерінің бірі. Мұндай құқық бұзушылықтар табиғатқа орны толмас зиян келтіреді және оған жол бермеу баршамыздың ортақ парызымыз.