USD
USD
USD

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

Ақмола облысының Бұланды ауданында су құбыры инфрақұрылымы нысанынан құны шамамен 7 миллион теңге болатын дизель-генератор қондырғысы мен оның құрамдас бөліктері ұрланған.

генератор ұрлығы
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталының жазуынша, қылмыс сәуір айында жасалған. Алдын ала сөз байласқан күдіктілер қымбат жабдықты ұрлау үшін көлікпен нысан аумағына кіріп, дизель-генераторды бөлшектеп, алып кеткен.

2025 жылы Алтынды ауылдық округіндегі елді мекендердің бірінің шетінде орнатылған қондырғы ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін су құбыры инфрақұрылымының бір бөлігі болған. Ұрлық салдарынан су құбыры инфрақұрылымының жұмысы бұзылған.

Алайда күдіктілер мұнымен тоқтамаған. Топ ұйымдастырушысы сыбайласына серіктестік аумағынан тағы да мүлік ұрлауды ұсынған. 6 мамырда олар құны 400 мың теңгеден асатын дизель қондырғысының құрамдас бөліктерін ұрлап кеткен.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бұланды аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған нысанда жұмыс істеген екі адамның қондырғының орналасқан жері мен нысанды күзету тәртібі туралы ақпараттан хабардар болғанын анықтады. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Ұрланған жабдықтар табылып, тәркіленді», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайын, келтірілген залал көлемін және әрбір күдіктінің қылмыс жасаудағы рөлін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы