USD
USD
USD

Ақмола облысында егін орағы аяқталды

Ақмолалық диқандар кезекті рекорд жаңартты, деп жазды 24.kz. 

Б
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Алматы, NEGE.  Өңірде егін орағы аяқталып, шаруалар 7,6 миллион тонна өнім жинады. Бұл былтырмен салыстырғанда 1,5 миллион тоннаға көп. Егіннің орташа өнімділігі гектарынан 16 центнерден шықты. Аймақ диқандары үшін 2025 жыл берекелі болды. Астық бітік шықты. Бұған ең алдымен қолайлы ауа райы мен агротехнологияларды дұрыс пайдалану себеп. Владимир Балашов биыл 4 мың гектарға дән сеуіп, 7 мың тоннаға жуық өнім жинады. Ал келер жылға 540 тонна тұқым қорын дайындады.

 Владимир Балашов, шаруа:

 - Егін орағына тиянақты дайындалдық. Төрт жарым гектар алқапты үш аптада жинап үлгердік. Көрші шаруашылықтарға да көмектестік. Астықтың биылғы сапасы жаман емес. Мемлекеттік қолдау арқасында жиын-терім уақытылы аяқталды.

Егін шығымы әр жерде әртүрлі. Мысалы, Бурабай мен Сандықтау аудандарында гектарынан 50-60 центнерден өнім жинаған шаруашылықтар бар. Жалпы облыс бойынша 5,5 млн гектар алқапқа дән сіңірілді. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде майлы дақылдар үлесі екі жарым есеге артқан.

Қазір оқып жатыр

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы