USD
USD
USD

Ақмола облысында дүкенді тонаған күдікті ұсталды

Ақмола облысында полицейлер ұрыны «ізін суытпай» ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 4 қазанда полиция қызметкерлері Щучинск қаласында жергілікті дүкенді тонады деген күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Сатушы қылмыс туралы полицияға хабарлауға да үлгермеді, патрульдік полицейлер дүкеннен қолында пакеті бар, жүгіріп шыққан ер адамды байқап, дереу оны ұстап алды.

Сатушы әйелдің бір минутқа назары басқа жаққа аударғанын пайдаланып, кассадан 200 мың теңге көлемінде ақшаны ұрлап, көшеге жүгіріп шыққан. Осы уақытта жақын маңдағы аумақты күзеткен полицейлер, бірден әрекет етті.

Ұрланған ақша, сондай-ақ ас үй пышағы заттай дәлел ретінде тәркіленді. Ұсталғаннан кейін бірден оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, ер адам одан әрі қарай тексеру үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу кезеңінде ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам