Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақмола облысында ДНҚ талдауы 23 жыл бұрынғы кісі өлімін ашуға мүмкіндік берді

Ақмола облысында ДНҚ талдауы 23 жыл бұрынғы кісі өлімін ашуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ақмола облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбектің арқасында 2002 жылдың 4 қазанында жасалған қатыгез қылмыстың бетін ашты.

23 жыл бұрынғы қылмыстың құрбаны – 1973 жылы туған Ақкөл қаласының тұрғыны. Ол кешкі уақытта көшеде бейтаныс адаммен жолығып, сол күйі үйіне оралмаған. Келесі күні әйелдің денесі жергілікті стадион маңындағы қоғамдық дәретханадан табылды. Марқұмның денесінде көптеген жарақаттар болған. Оқиға кезінде жедел-іздестіру шаралары шұғыл түрде жүргізіліп, күдіктінің биологиялық ізі алынғанымен, ол кезде қылмыскердің жеке басын анықтау мүмкін болмаған еді. Қатыгез қылмыс осылайша ұзақ уақыт ашылмай қалды.

Арада жылдар өтсе де, жедел уәкілдер қылмыстық істі қайта-қайта қарап, дәлелдемелерді жіті зерттеуді тоқтатпады. Заманауи молекулалық-генетикалық сараптаманың көмегімен күдіктінің ДНҚ-профилі анықталып, жаңа деректерге қол жеткізілді.

2025 жылдың 2 қазанында ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен полицейлер арнайы операция жүргізіп, кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен 60 жастағы Ақкөл қаласының тұрғынын ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Жедел уәкілдер алдағы уақытта да өткен жылдардағы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат