USD
USD
USD

Ақмола облысында бөгет жарылды

5 сәуірде Қорғалжын ауданы Сабынды ауылы маңында орналасқан «Шөптікөл» бөгеті жарылып, салдарынан су алқаптар арқылы елдімекенге қарай өткен.

Бөгет
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, су «Астана–Қорғалжын» республикалық автожолының 75-шақырымындағы тұсын кесіп өткенімен, жолдың жүру бөлігін шайып кетпеген.

Компания өкілдері бұл учаскеде үш көзді су өткізу құбыры қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Бұл судың толық көлемде кедергісіз өтуін қамтамасыз етуде.

«Қазіргі уақытта Ақмола облыстық филиалының жол қызметтері ахуалды тұрақтандыру үшін жедел шаралар қабылдауда. Жұмыстарға 14 арнайы техника мен 30-дан астам жол маманы тартылды. Инертті материалдарды дайындау және оларды жеткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Жол төсемі бүлінбеген, көлік қозғалысы шектелмеген.

Бұл жайтқа байланысты ТЖМ өкілдері де мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта еріген суды дала аймағына қайта бағыттау үшін «Астана–Қорғалжын» республикалық трассасының жол төсемін көтеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

«Халық үшін қауіп жоқ. Жұмыстар тәулік бойы жалғасуда. Қазіргі уақытта шамамен 5 мың қап және 50 мың тонна инертті материал дайындалды, ұзындығы 800 метрге жуық топырақ үйіндісі төселді. Арнайы техника мен ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамы кезекшілік атқарып жатыр», – деп хабарлады төтеншілектер.

Оқиға орнында ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы мен ТЖ департаментінің басшылығы жүргені мәлім болды. Жағдайды Төтенше жағдайлар министрлігі бақылауға алды.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық