Ақмола облысында асырап алған баласын өлтіріп, денесін аулаға көміп тастаған әйелге сот үкімі шықты

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2 жастағы асыранды баласын өлтіріп, денесін ауласына көміп тастаған зейнеткер әйелді 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Алматы, NEGE. Ал оның 30 жастағы қызы кәмелетке толмаған баланы азаптағаны үшін айыпталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Жантүршігерлік қылмыс Щучье қаласында осыдан 5 жыл бұрын болған. Алайда тек аталмыш қылмыс өткен жылы аяқасты әшкере болды. Олар қамқорлығына алған 5 баланың бірі басы жарылып ауруханаға түскенде оның куәлігінің орнына қайтыс болған баланікін берген. Осыдан кейін полиция отбасын тексере бастайды.
2017 жылы зейнеткер әйел бес баланы өз қамқорлығына алады. Зейнеткер әйел мен қызы асырап алған балаларды үнемі азаптап отырған. Түрлі жарақатпен ауруханаға түскен балалардың денесіндегі көгерген іздерді «ойнап жүріп арандап қалды» деп түсіндіріп отырған. Шамамен бір жыл бұрын балалардың бірі жоғалып кеткен. Тергеу анықтағандай, баланы темір затпен ұрып өлтіріп, денесін бақшаға көмген. Олар баланы асырағаны үшін мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алуды жалғастырып, баланың қайтыс болғаны туралы хабарламаған. Ал 2021 жылы патронаттық кезең аяқталғаннан кейін әйелдердің бірі қайтыс болған балаға жалған құжат жасап, оны асырап алуға өтініш берген. Сөйтіп, қосымша жәрдемақы алып отырған.
Күдіктілер өткен жылдың сәуір айынан тергеу аяқталғанға дейін қамауда болды.