USD
USD
USD

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Степногорск қаласында тиісті сертификаты жоқ тіс дәрігері 345 балаға медициналық көмек көрсетіп, МӘМС қорынан 2,5 млн теңгеден астам қаражат иемденген.

Тіс емдеу
Фото: Pixabay

Астана, NEGE. Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметінше, «Viamedis» ЖШС филиалында жұмыс істеген стоматологтың балаларды емдеуге рұқсат беретін тиісті сертификаты болмаған.

Соған қарамастан, дәрігер 345 балаға стоматологиялық қызмет көрсеткен. Бұл қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы төленген.

«Негізсіз төленген медициналық қызметтердің жалпы сомасы 2 569 792 теңгені құрады», – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның араласуынан кейін заңбұзушылықтарды жою шаралары қабылданып, төленген қаржы мемлекет кірісіне толық көлемде қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Талдықорғанда діни қорда тіркеусіз тұрған сегіз адам анықталды

ЖИ көмегімен жасалған

Алматыда ағаштарды рұқсатсыз кескендерге қатысты іс қозғалды

Ағаш кесу

Заңсыз ішімдік саудасы: кәсіпкерлерге 932 млн теңге айыппұл салынды

Арақ