USD
USD
USD

Ақмола облысында 22 мың гектардан астам жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақмола облысында кадастрлық құны 323 млн теңгені құрайтын 22 мың гектардан астам егістік жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. 

мемлекетке қайтарылған актив
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақмола облысының прокурорлары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Мысалы, қазіргі таңда Біржан сал ауданының прокуратурасы "Жайылымдық жерлерді ұлғайту" жобасын жүзеге асыруда.

"Жоба аясында аудандағы жер пайдаланушылардың едәуір бөлігі ұзақ уақыт бойы Жер кодексін бұза отырып, жер телімдерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды. Жол берілген заң бұзушылықтарға байланысты Біржан сал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 323 млн теңгені құрайтын 22 мың гектардан астам егістік жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды", – Ақмола облысының прокуратурасы

Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерге пайдалануға беруге бағдарланды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда, сонымен бірге жер пайдаланушылардан пайдаланылмай жатқан жер телімдерді өз еркімен қайтаруға қосымша назар аударылған.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама