USD
USD
USD

Ақмола облысында 16 млн теңгенің медициналық жабдығы ұрланды

Ақмола облысында 16 млн теңгенің медициналық жабдығы ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE.  Ақмола облысының полицейлері қымбат медициналық құрал-жабдықтардың ұрлану дерегін ашып, мекемелердің қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертті.

2024 жылдың 26 желтоқсанында Көкшетау қаласындағы медициналық мекеменің басшылығы полиция басқармасына ұрлық туралы шағымданды. Залал көлемі 16 миллион теңгені құрады. Жедел-тергеу шаралары барысында ұрлыққа аурухананың бұрынғы қызметкерінің қатысы бар екені анықталды. Ол ыңғайлы сәтті пайдаланып, медициналық мекеменің оттегі цистерналарын, СМГ құрылғыларын және рентген аппаратурасын заңсыз иемденіп, автокөлікпен алып шыққан. Осыған байланысты құқық қорғау органдары мекеме басшыларын қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

Полицейлер материалдық құндылықтарға қол жеткізуді қатаң бақылап, жабдықтардың қозғалысын мұқият тексеруді, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұсынады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай