USD
USD
USD

Әкімдік Сарқан ауданы әкімінің орынбасары ұсталды деген ақпаратқа пікір білдірді

Әкімдік Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Жомарт Мыңбаев ұсталды деген ақпартқа байланысты мәлімдеме жасады. 

Шенеунік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бүгін телеграм-каналдардың бірінде Жетісу облысы, Сарқан ауданы әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы хабар тараған болатын.

«Бірқатар дереккөздің хабарлауынша, Антикор Жетісу облысы, Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Жомарт Мыңбаевты жол жөндеумен айналысатын мердігерден пара алды деген күдікпен аяқ астынан ұстап, зынданға қамады», – делінген тараған ақпаратта. 

Сарқан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі аталмыш ақпаратты жоққа шығарды. 

«Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Ж.Мыңбаевқа қатысты таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда аудан әкімінің орынбасары жұмыс орнында», – деп мәлімдеді әкімдік. 

Қазір оқып жатыр

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ