USD
USD
USD

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донор ретінде пайдалануға келісімін eGov арқылы тіркегенін мәлімдеді.

Ақмарал Әлназарова
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Министр бұл шешімін көпшілік алдында айтуды маңызды деп санайтынын жазды. Оның сөзінше, бұл қадамды қызметіне байланысты емес, жақын адамына бір күні осындай көмек қажет болуы мүмкін екенін түсінгендіктен жасаған.

«Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық – өмір сүруге мүмкіндігі бар адамдарға өмірден өткеннен кейін де көмектесудің бір жолы», – деп жазды Әлназарова.

Оның мәліметінше, қазір Қазақстанда шамамен 184 мың адам қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісімін eGov арқылы тіркеген.

Ал трансплантацияны 4 867 адам күтіп отыр. Оның ішінде 4 311 адамға бүйрек, 212 адамға жүрек, 314 адамға бауыр, 30 адамға өкпе трансплантациясы қажет.

Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту тек денсаулық сақтау жүйесінің міндеті емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселе қоғамның сеніміне, ашық диалогқа және әр адамның саналы шешіміне байланысты.

Бұған дейін Аида Балаева да донор болуға келісім берген. 

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті