USD
USD
USD

Әкім Алматыдағы «брусчатка дауының» мән-жайын түсіндірді

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин өткен жылы Уәлиханов көшесінен тас төсеуіштерді көлікпен Алматы облысына тасып әкету оқиғасына қатысты пікір білдірді.

брусчатка дауы
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/sanzhar_bokayev

Астана, NEGE. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оразалин сараптама нәтижесі бойынша әкетілген тас төсеуіштің (90 м²) нарықтық құны шамамен 90 мың теңге болғанын, яғни бір шаршы метрі 1000 теңгеге бағаланғанын айтты. Ал оны тасымалдауға 70 мың теңге жұмсалған.

«Бұл қылмыстық іс ретінде сараланбайды. Біз өз тарапымыздан оны әкетуді санкциялағанымызды жасырған жоқпыз. Біздің әрекетімізден бюджетке ешқандай залал келген жоқ», – деді әкім.

Еске салсақ, 2025 жылдың жазында қоғам белсендісі Санжар Боқаев желіде видео жариялады. Онда әлдекімдердің тас төсеуіштерді көлікке тиеп, Алматы облысындағы жеке үйге алып барғаны көрсетілген. Ол кезде әкімдік бұл материал мұқтаж отбасыға көмек ретінде берілгенін мәлімдеген. Кейін әкімге салғырттығы үшін қатаң сөгіс жарияланып, қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек